Since 1992

International Drivers
Association-ның
Қазақстандағы өкілдігі
Өкілдік IDA Қазақстандағы

Partner ЛогоРесми серіктес

Алматы

+7 727 220 02 22

Женева

+41 22 886 01 22

Лондон

+44 204 577 00 37

Нью-Йорк

+1 929 255 11 05

Дубай

+971 50 751 73 11

Partner ЛогоРесми серіктес

IDP жарамдылық мерзімі және ұзарту тәртібі

IDP ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

Клиенттеріміз тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап ретінде, халықаралық жүргізуші куәлігінің (IDP) жарамдылық мерзіміне қатысты ресми ақпаратты ұсынамыз.

IDP жарамдылық мерзімін тексеру

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, IDP-дің ең ұзақ жарамдылық мерзімі — үш жыл. Алайда, ол иесінің ұлттық жүргізуші куәлігінің (Қазақстандық права) мерзімінен аспауы тиіс. Бұл талап Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңында (11-тарау, 73-бап, 9-тармақ) және 1968 жылғы «Жол қозғалысы туралы» Вена конвенциясында (41-бап, 3-тармақ) бекітілген.

Мысалы:

Егер сіздің қазақстандық праваңыздың мерзімі 2026 жылдың мамырында аяқталса, онда IDP де тек осы күнге дейін ғана беріледі (тіпті оны 2028 жылға дейін жасату мүмкін болса да). Мұндай жағдайда біз алдымен ескі праваңызды eGov немесе Kaspi арқылы жаңасына ауыстырып, содан кейін ғана IDP-ге тапсырыс беруді ұсынамыз.

Жүргізуші куәлігін eGov немесе Kaspi арқылы онлайн ауыстыруға болады:

Праваны Kaspi арқылы ауыстыру интерфейсі

Жүйеге кіруeGov Mobile немесе eGov.kz порталына ЭЦП немесе биометрия арқылы кіріңіз.

Қызметті таңдау«Жүргізуші куәліктерін беру» бөлімін табыңыз.

Өтінімді толтыруАуыстыру себебін көрсетіп, суретіңіз бен қолтаңбаңызды жүктеңіз.

ХҚКО таңдау және төлеуӨзіңізге ыңғайлы ХҚКО-ны (ЦОН) таңдап, мемлекеттік бажды төлеңіз (2026 жылы — 5 290 теңге).

РастауӨтінімге ЭЦП немесе SMS-код арқылы қол қойыңыз.

Құжатты алуДайын куәлікті таңдалған ХҚКО-дан барып алып кетіңіз.

Осылайша, шетелге шығар алдында жүргізушілер өздерінің IDP құжатының жарамдылық мерзімін заң талаптарына сәйкес тексеріп алғаны жөн. Бұл басқа елдерде көлік басқару кезінде құжаттың заңдылығына кепілдік береді.

IDA іс-қимыл батырмаларының блогы IDA блогерлерінің пікірлері - 2 қатарлы тор

INTERNATIONAL DRIVERS ASSOCIATION ҚАТАРЫНА МЫНА ЖАНДАРМЕН БІРГЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗ:

Связаться с нами